Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бақылау бекетінде қазақстандық шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып есірткі тасымалдаушы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. 52 жасар ресейлік жүргізіп келе жатқан «Шевролет - Нива» автокөлігінде қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің мәліметінше, аталмыш машинаны инспекциялық-жете тексеру кезінде, жанармай жүйесі ретінде қолданылатын газ балонының ішінен есірткілік зат – героин табылды.
«Жалпы саны 28 түйіншекті таразыға тартып жібергенде 25 килограмға жуықтады. Одан әрі тексергенде цилиндрлі формадағы пакет табылып, одан 3 килограмм болатын түр-түсі «гашишке» ұқсайтын зат шыға келді», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.