Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт кезек үшін төбелесіп қалған оралман пен қала келіншегіне ашуланды. Емханадағы келеңсіз жайтты ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіті.
Тележүргізуші емханаға кезекті тексеруден өтуге барыпты. Кезек күту сәтіндегі көрініс ұзақ уақытқа дейін оның көз алдынан әлі кетпей қойған.
«Екеуі бір-бірімен кезек үшін жұлысып қалды. «Понаехали» деген сөзді естіген кезде сырттан келген қазақ қыздың көзінен жас шығып кетті.
Құдай-ау, қайран қазағым-ау. Осындайды қашан қоямыз? Қашан қоямыз кеудеден итергенді, бір-бірімізді адам санамауды?
Өмірден алар бар еншіміз сол кезек пе еді, Құдай -ау?», – деді ол видеода.