$ 443.85  474.3  4.8

Kaspi.kz компаниясы Майкл Калвидің ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Kaspi.kz компаниясы Baring Vostok инвестициялық қорының негізін қалаушы Майкл Калвидің ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Болған оқиға қазақстандық компанияның жұмысына ықпал етпейді, деп мәлімдеді басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

"Baring Vostok – Ресей мен ТМД елдерінде 24 жыл мінсіз жұмыс істеп келген ірі халықаралық инвестициялық қор.

"Қордың 80 инвестициясы арасында Яндекс, СТС Медиа, Боржоми, Tinkoff Bank, Озон, Avito, Kaspi.kz және өзге де танымал әрі табысты компаниялар бар. Көптеген жыл бойы бірлесе әрі достық қарым-қатынаста жұмыс істедік, Майктің кәсіпқойлығы мен адалдығына күмәндануға ешқандай себеп болмады. Біз бұл жағдай жақын арада құқықтық тәртіпте шешіледі деп сенеміз", - деді Ломтадзе.

Майкл Калвиді не үшін ұстады

Baring Vostok компаниясының негізін салушы Майкл Калви Мәскеуде ұсталды. Kaspi.kz баспасөз қызметі Baring Vostok-тағы әріптестерінің мәліметіне сүйене отырып, оқиға Ресейдегі портфелдік компаниялардың бірінің акционерлерімен корпоративтік жанжал аясында болғанын мәлімдеді.

Тікелей инвестициялардың мемлекеттік ресейлік қорының басшысы Кирилл Дмитриев Майкл Калви үшін жеке куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді. Мюнхен қауіпсіздік конференциясының кулуарында Дмитриев Калви көптеген ресейлік компанияның қалыптасуына көмектескенін атап өтті.

2017 жылдың соңында Baring Vostok компаниясы Kaspi Bank кіретін Kaspi.kz холдингінің ең ірі акционері болды.

Тергеу Калви мен тағы бес күдіктіні қамауға алуды сұрап отыр, оларға аса і ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Kaspikz