Алматы облысында жол көлік апаты 20 жастағы жүргізушінің өмірін қиды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.
Оқиға Қарасай ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Carina жүргізушісі белгісіз себеппен рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, жыраға түсіп кетіп, бірнеше рет аударылған.
1999 жылы туған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Мәйітті шығару үшін құтқарушылар көліктің шатырын кесуге мәжбүр болды.