Жаңалықтар 19.02.2019 сағат 04:40  163

Facebook Ресей қаржыландыратын жоба парақшасын бұғаттады

Facebook Кремль қаржыландыратын Russia Today (RT) телеарнасына тиесілі In the Now жобасының парақшасын «желіде ашықтықты дамыту» бағдарламасы аясында бұғаттады деп жазады Азаттық.

Facebook Ресей қаржыландыратын жоба парақшасын бұғаттады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

18 ақпанда RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян «CNN телеарнасы «In the Now жобасы Кремль қаржыландыратынын» айтқан соң бұғатталғанын» хабарлады.

Симонян Telegram каналындағы жазбасында «Бұл өте танымал жоба еді, бір ғана Facebook-те 4 миллион жазылушысы мен 2,5 миллиард қаралымы бар еді» деді. Бас редактор телеарна «Facebook-тің ешқандай ережесін бұзған жоқ» деп санайды.

Facebook ережесі бойынша, парақша авторлары өздерінің кім екенін айтуға міндетті емес. Бірақ, компания өкілінің айтуынша, Facebook аудиториясы үлкен парақшалардың артында кім тұрғанын айтуды міндеттейтін өзгеріс енгізбек.

Facebook өкілінің мәлімдесінде «Админдерден олардың жобасын платформаға қайта қосу үшін парақша иесі жайлы дерек беруін сұраймыз. Олар желі қолданушыларына жобаны кім қаржыландыратынын айтуы тиіс» делінген.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Facebook RT-ға парақшаның бұғатталуына не себеп болғанын түсіндіруі тиіс» деп мәлімдеді. Песков «[Кремльге] дұшпан елдер ресейлік БАҚ-қа қысым жасау үшін әлеуметтік желі мен басқа платформадағы ірі компанияларды пайдаланып отыр» деп санайды.

Былтыр наурызда Russia Today телеарнасы 1 сәуірге қараған түні Вашингтонда хабар таратуды тоқтататынын хабарлаған.

2017 жылы қаңтарда АҚШ-тың орталық барлау басқармасы америкалық сайлау жүйесіне Ресейден кибер шабуыл жасалғаны туралы баяндама жариялаған. Онда Ресей АҚШ-тағы президент сайлауына хакерлер мен БАҚ, оның ішінде RT телеарнасы мен Sputnik агенттігі арқылы килікті деп айыпталған. Баяндамада олар «үгіт-насихат машинасы» деп аталған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар