WBO чемпионы Деметриус Андраде (27-0, 17КО) Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34КО) міндетті қарсыласы болды. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап өтілгендей, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы рейтингінде көш бастады.
Бұған дейін рейтингтің бірінші позициясында WBO-ның экс-чемпионы Билли Джо Сондерс (27-0, 13КО) болды. Бірақ британдық боксшы екінші орта салмақ санатына ауысты және ол рейтингте екінші орынға жайғасты.
«Головкиннің тізімде көш бастауы оның WBO титулына міндетті үміткер атанғанын білдіреді. Қазір белдіктің иегері америкалық Деметриус Андраде (27-0, 17КО)», - делінген ақпаратта.
Еске салайық, 22 қаңтар күні WBO Деметриус Андрадені 30 күннің ішінде Сондерспен жекпе-жекке келісуді міндеттеді. Олай болмаған жағдайда, промоутерлік сауда-саттық белгіленетіні айтылды.
GGG 2018 жылдың 16 қыркүйегі күні Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы рематч өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. Солайша, ол WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылған еді.