20.02.2019, 04:29

Семейдегі моншалардың бірінде бойжеткен қызғаныштан ер адамды сабап тастады

24 жастағы семейлік бойжеткен қызғаныштан досына қол көтерді деп жазады altaynews.kz.

33 жастағы Жезкент тұрғынының басынан бойжеткен бөтелкемен ұрған. Бас-ми жарақатын алған жігіт ауруханаға жеткізілді. 

Қызғаныштан досын сабаған қыз ұсталды. 

ҚР ҚК-нің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.