Жаңалықтар 21.02.2019 сағат 04:22  300

Түркімендер банкоматтағы ақшаны пара беру арқылы шешіп алуға мәжбүр

Түркіменстанда банкоматтан пластик карталардың көмегімен ақша шешуге қатысты түрлі заңсыз қызметтер пайда болған. Банктерде кезек көп, ақшаны шешуге шектеу қойылған, ал банкоматтар жетіспейді деп жазады centralasian.org.

Түркімендер банкоматтағы ақшаны пара беру арқылы шешіп алуға мәжбүр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Альтернативные Новости Туркменистана" басылымының хабарлауынша, банк күзетшілері мен қызметкерлері тұрғындарға ақша шешіп бергені үшін ақша алады. Мұндай "қызмет" 5-10 манат тұрады. (Ресми бағам бойынша бір доллар 3.5 манат тұрады, қара базарда 18 манаттан сатылады).

Түркіменстанда төрт жылдан бері мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің айлығы банк карталарына аударылады. 2018 жылдың мамырынан бастап зейнеткерлер де зейнетақысын банкомат арқылы алатын болған.

АНТ мәліметі бойынша, Балканабад және Түркіменбаши қалаларында кезекші полиция күзетінің қызметкерлері банк жұмыс істемей тұрған уақытта банкоматта ақша шешіп беру үшін бес манаттан алады. Әдетте олар ақшаны түнде және демалыс күндері шешеді. Полиция қызметкерлері осындай қызметті қолданғысы келгендердің банк картасы мен оның пин-кодын алып, банкке еркін кіреді, өздері күзететін қаржы мекемесіндегі терминалдардан ақшаны еркін шешіп алады.

Дашоғыз және Түркіменбаши қалаларында банк қызметкерлері банкоматтан ақша шешіп бергені үшін 10 манат сұрайды деп хабарлады басылым.

Ашхабадта және облыс орталықтарында тұрғындар банкоматтан айына 800 манат қана шешіп ала алады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар