$ 448.15  483.46  4.86

Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді

Елбасы Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Елбасы Жарлығымен Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Сондай-ақ Елбасы Жарлығымен А.Айымбетовке космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары