Жаңалықтар 24.02.2019 сағат 06:02  269

Астанада бала өлімінен кейін құдықтардың бетіне тор қойылып жатыр

Астанада құдық атаулының бетіне тор қойылып жатыр. Қолды болмас үшін қақпақ полимер материалдан, ал тор полиэтиленнен жасалған деп хабарлайды Хабар-24. Қақпақ ұрланған күннің өзінде тор құдыққа адамның, жан-жануардың түсіп кетуінен сақтайды. 

Астанада бала өлімінен кейін құдықтардың бетіне тор қойылып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазір 6 мың құдыққа осындай тор орнатылған. Қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегі бойынша ашық құдықтар бойынша «109» қызметіне былтыр 3 мыңдай, биыл 600-ден астам арыз түскен. Ал «102» қызметіне жыл басынан бері  «құдық қақпағы» ұрланды деп 35 хабарлама келіпті. 11 ұрлық әшкереленді. 23 оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрлыққа себеп болатын фактор - қара металлдың құндылығы,- дейді мамандар.

«Қалада түрлі-түсті металл мен қара темір қабылдайтын алпыстан астам орын бар. Әкімдік өкілдері барлық құдықтың тізімін қайта жасап жатыр. Жалпы, елордада бас-аяғы 13594 құдық болса, оның 5591-і құрғату құдықтары. Солардың барлығына тор орнатылған. Тор қоюды біз 2012 жылы бастадық. Егер құдық ашық қалса, адамның абайсызда құлап, ішіне түсіп кетуінен сақтайды. Жылына бір-екі рет тор алынып, құдық тазартылып отырады», - дейді «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу желілерін пайдалану қызметінің басшысы Жәнібек Аманбаев.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар