Қазақстанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылды деп жазады Tengrinews.kz.
Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылсын», - делінген жарияланған құжатта.
Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болады.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.