Жаңалықтар 25.02.2019 сағат 12:26  583

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды деп жазады Tengrinews.kz.

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша комитет мүшелеріне білім және ғылым министрі қызметіне Күләш Шәмшидинованы ұсынды.

Шәмшидинова бұған дейін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ-ның басқарма төрайымы қызметін атқарған еді. Ол 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген. Түрлі жылдары химия пәнінің мұғалімі, орынбасар, мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін - Талдықорған әкімінің орынбасары. 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың мамырына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2005 жылдың 23 мамырынан 2007 жылдың сәуіріне дейін – «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры. 2007 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2009 жылдың қазанынан 2019 жылдың ақпанына дейін – «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ-ның басқарма төрайымы.




Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар