Жаңалықтар 26.02.2019 сағат 03:30  449

Жаңа министрлер ант берді

Қазақстан жаңа үкіметінің алғашқы отырысы басталды деп жазады Tengrinews.kz

Жаңа министрлер ант берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Премьер-министр Асқар Мамин министрлер кабинетінің мүшелерін құттықтап, үкіметтің жаңа құрамы айналысатын істерді белгіледі.

«Біз мемлекет басшысының сенімін ақтауымыз тиіс. Үкімет құрамы нәтижелерге бағытталған, нақты істермен айналысатын үкімет болуы тиіс. Елбасы біздің алдымызға халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, экономиканы одан әрі дизертификациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірінші кезектегі міндеттер қойды. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде біз халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізе аламыз», - деді Асқар Мамин.

Үкіметтің алғашқы отырысы 10 минуттан асқан жоқ. Мұның алдында үкіметтің жаңа құрамы бекітілген еді. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар