Атмосфералық фронтар бөлігінің өтуіне байланысты, Қазақстанның басым облысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі деп жазады BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Шығыс Қаазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, екпіні 25 м/с болуы күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, Павлодар облысының кей жерерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.