Жаңалықтар 27.02.2019 сағат 04:19  319

Алматыда полиция қызметкері пышақталды (ВИДЕО)

Алматыда полиция қызметкері пышақталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда полиция қызметкері пышақталды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, жеті адам «Мега Тау» сауда үйінде ұрланған заттарды алып сатумен айналысқан. Өздерінің қылмыстық әрекетін олар ешкімнен жасырмай, халық алдында жүргізе берген. 

«Біз жедел ақпараттар бойынша жұмыс істей бастадық: жетеуінен ұрланған ұялы телефондар тәркіледік. Күдіктілердің бірі тұтқынға алу барысында қашып кетуге тырысты. Желтоқсан мен Жібек Жолы көшелерінің қиылысында оның Toyota Camry автокөлігі бұғатталған, кейін ол жаяу қашпақ болды. Тұтқындау барысында күдікті полиция қызметкерінің өміріне маңызды органына екі рет пышақ сұқты: тәртіп сақшысын бронжилет құтқарып қалды, жарақаты қауіпті емес. Қаскүнем қашуға тырысқанымен, ол ұсталды», - деді басқарма басшысы подполковник Есен Ысқақов.

27 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оған екі қылмыс бойынша айып тағып отыр, бұл ҚР ҚК-нің 380 және 196-баптары – «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» және «Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу».

Арнайы операцияның қорытындысы бойынша, департамент тәркіленген заттар туралы айтты: алып-сатарлардан «Мега Таудағы» жұмыс орнында 198 күмәнді ұялы телефон табылды, қашып кетпек болған күдіктінің автокөлігінен 10 телефон тәркіленді.

Сондай-ақ, азамат Е. өз пәтерінде 35 ұялы құрылғы мен ноутбук сақтаған. Тәркіленген заттардың кімдерге тиесілі екені алдағы тергеу барысында текеріледі. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар