Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырды деп жазады Tengrinews.kz.
«Қазір бұл бағдарлама миллион денсаулық, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да саладағы қызметкерлердің жанына тиеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік салада төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аудандардағы, облыстырдағы атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың жалақысын орташа есеппен 25 пайызға өсіруді тапсырды.
«Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды күшейту маңызды. Девальвация болғанына байланысты біздің биржалық тауарлар тұрақсыз болды, жалақы да төмендеді», - деді Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр. Онда партия 20 жылдық жұмыстың қорытындысын талқылап, 2030 жылға дейін арналып жасалған бағдарламаның негізгі бағыттарын анықтап жатыр.