$ 445.66  474.58  4.78

Қарағандыда Lexus автокөлігінен 8 миллион теңгені ұрлап кетті

Қарағанды полиция қызметкерлері Lexus автокөлігінен 8 миллион теңге әкеткен ұрыны ұстады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаңтар айының соңында полиция бөлімшесіне Қарағанды қаласының 29 жастағы тұрғыны балабақшалардың бірінің алдында Lexus автокөлігінен 8 миллион теңгені ұрлап кеткендігі туралы арыз жазған.

Оқиғаға қатысты полиция «Аса ірі көлемді ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру барысында 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша қамауға алынды.

Дереккөз: Zakon.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары