Жаңалықтар 27.02.2019 сағат 10:13  423

Қаржы министрлігі 21 мың теңгені кімдер алатынын түсіндірді

«Нұр Отан» партиясының съезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов аталған көмекті кімдер алатынын түсіндірді деп жазады Sputniknews.kz.

Қаржы министрлігі 21 мың теңгені кімдер алатынын түсіндірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Елбасы айтқандай, тұрмысы нашар отбасылардағы әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% немесе шамамен 20 800 теңге төленеді. Көпбалалы отбасыға 4 немесе одан да көп баланы тәрбиелеп отырғандар жатады», - деді ол.

Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасы деп ондағы жиынтық табысты әр мүшеге бөлген кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-інен аспайтын, яғни әр адамға 15 мың теңгеден аз тиетін отбасы есептеледі.

«Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептей келгенде, олар  жәрдемақының 3 түрінен қағылады. Мұндай жәрдемақыны алатындарды көбірек қамту үшін ертең үкімет отырысында аталған мәселені кеңірек талқыға саламасыз. Сондықтан мұны сол кезде толығырақ айтып беремін», - деді Әлихан Смайылов «Нұр Отан» партиясының съзінен соң журналистерге.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар