28.02.2019, 09:31

БҚО-да 11-сынып оқушысы жанып жатқан үйден ер кісі мен 8 жасар баланы алып шықты

Оқиға 22 ақпан күні кешкі 6-да болған. Өрт шыққан үйде 8 жастағы бала мен оның ағасы болған деп жазады uralskweek.kz.

«Өрт Ақжайық ауданы Тайпақ аулындағы жеке үйлердің бірінде шыққан. Қызыл жалын 51 шаршы метр аумақты алған. Өрт кезінде үйде 8 жастағы бала және оның 40 жастағы ағасы болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18:59-да жетіп, 1 сағатта толық сөндіріп үлгерді», - дейді БҚО ТЖД-нің баспасөз хатшысы Жәюігер Құсайынов. 

Өрт шыққанда 11-сынып оқушысы Мирас Жүнісов баланың жылаған даусын есіп, бір минут та ойланбастан үйге кіріп, 8 жастағы Ғалым Батырбекті сыртқа алып шыққан. Баладан үйде басқа адам бар-жоғын  сұраған Мирас одан жөнді жауап ала алмапты. Себебі, Ғалым әбден қорқып қалған екен. Мирас түк ойланбастан лаулап жанып жатқан үйге қайта кіріп,  ер адамды да сыртқа сүйреп шығарған.  

Тегтер: өрт БҚО мирас