$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда 3 жасар бала сірке суын ішіп қойды

Қарағандыда мектепке дейінгі мекемеден облыстық клиникалық ауруханаға 3 жасар бала жеткізілді деп хабарлайды Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

26 ақпан күні күзетші балабақшадағы балалардың бірінен сірке суының иісін сезген. Дереу жедел жәрдем шақыртып, анасы мен баласы ауруханаға жеткізілген.

Балабақша директоры сәбидің анасы балабақшада аспазшы боп тәжірибеден өтіп жүргенін айтады. Жұмыс уақытында 2 баласы да басқа балалармен бірге ойнайтын көрінеді. Анасы үйіне пирог пісіріп алып кету үшін сірке суын әкеліпті. Асханаға кіріп кеткен бала сол сіркесуді ішіп қойған. 

Қазір баланың жағдайы қалыпты. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары