$ 444.22  476.38  4.82

Сапарбаев көпбалалы отбасындағы әр балаға 20 789 теңге қашаннан бастап берілетінін мәлімдеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20 789 теңге қашаннан бастап төленетінін мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сапарбаевтың айтуынша, күнкөріс деңгейі 1 шілдеге 14 мың 849 теңге болса, шілдеден бастап 20 789 теңгеге көтеріледі. Яғни, 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 260 мыңға адамға көбейіп, қазіргі 571 мыңнан 830 мың адамға дейін өседі.

«Мәселен, төрт баласы бар жалғызбасты отбасын алайық. 1 шілдеге дейін 63 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекті алатын болса, шілдеден бастап 40 мың теңгеге көбейіп, 103 мың 945 теңгеге дейін жетеді. Ал қосымша төлемдерді есептеген кезде, бұл отбасының бір айлық жалпы табысы 114 мың 448 теңгені құрайды», – деді жаңа министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, шілдеден бастап отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, көпбалалы отбасыларға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлеріне, мүгедек балаларға төленетін жәрдемақылар мен шәкіртақы есепке алынбайды.

«Бұған қоса, тұрмысы төмен отбасының балаларына берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. Егер 1 шілдеге дейін ол 4 мың 834 теңге болса, 1 шілдеден бастап әр балаға 20 789 теңге төленеді. Бұл жәрдемақы 18 жасқа дейін, егер балалар жоғары оқу орындарында оқитын болса, 23 жасқа дейін төленеді», - деді Сапарбаев.

Сондай-ақ, министр әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде, халықты бекерден бекер сандалтпас үшін сұралатын құжаттар саны азаятынын атап өтті. 

«Мұның бәрі электронды түрде жүзеге асады. Егер кейбір мәліметтер жоқ болса, ата-анаға келудің қажеті жоқ. Жергілікті жерлерде жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне қажет мәліметті алатын болады», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары