28.02.2019, 11:21

Таразда жарылыстан жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр

Таразда жарылыстан зардап шеккендер саны 4 адаға жетті. Сәркенбі күні кешкілік сүйегі сынған тағы бір ер адам ауруханаға жатқызылды деп жазады Stan.kz.

Жамбыл облыстық денсаулық сатау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен екі адамның жағдай ауыр. Екі науқастың жағдайы қалыпы деп саналды.

«Зардап шеккендерге толық емдеу жүріп жатыр. Дәрілері беріліп жатыр. Оқиға орнынд жедел жәрдемнің екі бригадасы жұмыс істеуде», – делінген басқарманың бспасөз қызметінің хабарламасында.

Жарылыс болған үйдің тұрғындарына медбикелер мен психологтар көмек көрсетуде. Көмекке 58 адам жүгінді.

Айта кетейік, 27 ақпанда Тараздағы көпқабатты үй жарылып, үш адам қаза болған еді. Жарылыс газды дұрыс пайдаланбау себебінен болғаны айтылды.