22 жастағы астаналық бойжеткен Арайлым (есімі өзгертілді) сүйіктісінің нені қалайтынын түсінбей дал. Оны жақсы көргені соншалық тіпті, басқа жігіттің қойнына да кіріп шығыпты. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жазған.
Алғашында Арайлымнан жігіті бұрын болған төсектестерін сұрай бастапты.
«Ауылда бір ғана жігітім болған. Ең алғаш та ең соңғы да сонымен жақындасқам. Бірақ екеумізді оның отбасы қоспады. Үйленеміз деп көп армандағанбыз. Ұмытамын ба десем, жігітім әр жақындасқан сайын сұрай береді «қалай басталды, сосын не істедің?» деп. Қатты қысыламын», - деген ол бір күні жігітінің өтініп басқа ер адаммен болуын сұрағанын айтады.
Арайлым болса, оның көңілін қалдырғысы келмей, сөз салып жүрген жігітпен пәтерге барыпты.
«Ол жігітпен болған ұнамады. Пәтерден шығып бара жатып, кірерге жер таппадым. Өзімнен жиіркендім. Өзіме «не істеп жүрмін?» деп сұрақ қойдым.
Бірден жігітімнің үйіне бардым. Ол мені құшақ жайып қарсы алып, төсегіне алып барды. Киімдерімді шығарып, аймалап, қалай болғанын айтуымды сұрады. Бәрін айттым. Ол ерекше ләззатқа батты. Бұрын оны олай көрмеген едім», - деген бойжеткен жігітін түсіне алмай дал.
Тіпті, ол жігітке тұрмысқа шығамын деген үміті де қалмаған. Десе де сүйіктісі оны тастамайтынын, үйленгісі келетінін күнде айтады екен.
«Не істерімді білмеймін. Осындайды бастан өткергендер бар ма? Кетіп қалайын десем сүйемін. Кетпейін десем, тағы қорқамын. Бұзылып бітететін болдым», - деп ол көптен кеңес сұрады.