$ 498.34  519.72  4.85

Оралда жолаушылар автобусы ер адамды қағып өлтірді

Оралда жолаушылар автобусы ер азаматты қағып өлтірді. Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 28 ақпан күні сағат 20:00-де болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Жол апаты Жәңгір хан көшесіндегі автобус аялдамасының қасында болған. Қазір сараптама тағайындалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізулуде», - деді БҚО ДП баспасөз қызметінде.

«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің бригадасы келіп жетті. 53 жастағы азамат ақ халаттылар келгенше көз жұмған»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау министрлігінде.

Бесінші бағыттың автобусы «Оралавтотранс» ЖШС иелігінде. Орал жолаушылар көлігі бөлімінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары