Бүгін елімізде барша жұртшылық Алғыс айту күнін атап өтуде. Жазасын өтеп жатқан сотталғандар да назардан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесі (қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме) әкімшілігінің бастамасымен сотталған азаматтар туыстары мен жақындарына арнап алғыс хатын жазды.
Дереккөз: ҚазАқпарат