2 наурыз күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Астана, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қазақстанның өзге қалаларында метеожағдайдың өзгерісі күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.