Жаңалықтар 04.03.2019 сағат 03:27

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай актрисаның фильмдері көрсетіледі

Алматыда кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына арналған фильмдердің ретроспективасы өткізіледі деп хабарлайды Қазақ ұлттық өнер университетінің баспасөз қызметі.

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай актрисаның фильмдері көрсетіледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақ ұлттық өнер университеті 5-6 наурызда Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына арналған фильмдердің ретроспективасы өткізіледі.

«Әмина Өмірзақова өз ғұмырында 20-дан астам кинофильмге түскен. Көрермендер іс-шара барысында көпшілігі дүйім жұртқа таныс, әрі жақын болған фильмдерден Әмина Өмірзақова сомдауындағы әрқилы бейнелерді тамашалай алады. А. Карповтың «Ана туралы аңыз», Ш. Аймановтың «Тақиялы періште», Ш. Бейсенбаевтың «Гауһартас» фильмдерінде Әмина Өмірзақова қазақ киносы тарихындағы ең бір сәтті «ана»  бейнесін жасады». - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ретроспектива шеңберінде Әмина Өмірзақова шығармашылығы жайында ашық профессор Назира Мұқышева дәріс оқиды, доцент Инна Смаилова баяндама жасайды.

Айта кетерлігі, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында әдебиет, музыка, театр және кино сондай-ақ, көркем өнер саласында жеке тұлға бейнесін құру қажеттілігін атап өткен болатын.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет «Ұлы тұлғалар» сериясы аясында Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында атап өтіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар