$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін Қазақстанда боран, тұман, көктайғақ күтіледі

4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбіде елісміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, оңтүстіктегі таулы өңірлерде күндіз нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде - бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында кей жерлерде жел 23 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары