04.03.2019, 06:02

Ақтөбедегі базарлардың бірінде жас жігіт қайтыс болды

3 ақпан күні «Астана» сауда үйінде ер адам есінен танып қалды. Куәгерлер жедел жәрдем шақырғанымен марқұм тіл тартпай кетті деп жазады diapazon.kz.

«Сағат 15:41-де қоңырау түсіп, жедел жәрдем 8 минуттан соң оқиға орнына жеткен. Есінен танып қалған 25-30 жастағы ер адам дәрігерлер келгенше қайтыс боп кеткен. Дәрігерлер сол жерде полицияға хабар берген. Өлімнің нақты себебі сот медициналық сараптамалар нәтижесі шыққаннан кейін ғана белгілі болады», – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.