$ 443.85  474.3  4.8

Астанада ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Астанада 5-7 наурызда кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23 метр.

Сонымен қатар, 5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында боран, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 23 метр. Петропавлда 5 наурызда боран соғып, оңтүстік-батыстан 15-20 метр секундына жел соғады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары