Жаңалықтар 04.03.2019 сағат 11:20  275

Ақтөбеде 6 жасар баланың үстіне шкаф құлаған: медбике алғашқы көмек көрсетпеген

Ақтөбеде 6 жасар баланың үстіне шкаф құлаған. Оқушының ата-анасының айтуынша, мұғалім мен мектептегі медбике алғашқы медициналық көмек көрсетпеген деп жазады NUR.KZ.

Ақтөбеде 6 жасар баланың үстіне шкаф құлаған: медбике алғашқы көмек көрсетпеген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға Бестамақ ауданындағы орта мектептердің бірінде болған. 6 жасар баланың үстіне қабырғаға дұрыс жабыспаған шкаф құлаған. 

«Баламның сәл жараланып қалғанын айтты. Үлкен ұл оны үйге әкелді. Баламыз келгенде әйелім шошып кеткен. Үсті-басы қан-қан. Бірден жедел-жәрдемге хабарласып, кейін маған қоңырау шалды. Баланы бірден балалар ауруханасына апардық», –  дейді сәбидің әкесі Қанат Тайланов.

Ата-ана құқық қорғау органдары мен әкімдікке, денсаулық сақтау басқармасына арыз жазған. Мұғалім мен медбике алғашқы көмек көрсетудің орнына оны киіндіріп, үйге қайтарған. 

«Мұғалім мектептегі медибикені шақыртқан. Ол белгісіз себептермен ұлыма алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. 

Онысымен қоймай, медбике «балаңның өлмей, тірі қалғанына қуан» деп қояды», – дейді Тайланов.

Жергілікті білім басқармасы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар