$ 494.87  520.65  4.91

Астанада домбыра ескерткішін жасауға байқау жарияланды

Республикалық байқауда үздік деп танылған домбыра ескерткіші Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың алдына орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы Елбасының шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Айтулы бастаманы одан әрі жүзеге асыру және ұлттық мәдениет пен рухани беделімізді нығайту мақсатында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра ескерткіші композициясына байқау жариялайды», - деп жазылған аталған кітапхананың Фейсбук парақшасында. Байқауға еліміздің суретшілері мен мүсіншілері шақырылады. 

Сондай-ақ, шығармашылық сынға қатысушылардың еңбектері әлеуметтік желілерде (Facebook) жарияланып, оның ішінен үздік жұмысты таңдауға дауыс беру жүзеге асырылады. 

«Бізден қойылатын талаптар: ескерткіш 20 метр биіктікке сәйкес келуі, дыбыстық эффектілерді беруі және металл құрылғыдан жасалуы шарт. Ең үздік жұмыс ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алдында орнатылады. Байқау жұмыстары ағымдағы жылдың 24 наурыз күнінен бастап қабылданады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, өткен жылы Елбасының Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары