Жаңалықтар 05.03.2019 сағат 03:14  283

Forbes әлем бойынша ең бай әйелді атады

L'Oréal косметикалық империясының мұрагері және компания директорлары кеңесінің төрайымы Франсуаза Бетанкур-Майерс Forbes нұсқасы бойынша 2019 жылғы әлемдегі ең бай әйелге айналды. Оның қаржысы 49,3 млрд долларға жеткен.

Forbes әлем бойынша ең бай әйелді атады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ғаламшардағы ең бай адамдар рейтингінде Майерс 15-орында. Бүгін, 5 наурызда барлық тізім жарияланады деп нақтылайды басылым. Өткен жылы оның байлығы 7,1 миллиард долларға көбейген. Бұған негізінен компания акциясының  қымбаттауы ықпал етті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы Forbes рейтингі бойынша ең бай әйелдер тізімінде Walmart гипермаркетінің негізін қалаушының қызы Элис Уолтон бірінші болған еді. Басылым оның қаржылық жағдайын 46 миллиард долларға бағалаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар