$ 494.87  520.65  4.91

Балқашта бес жасар бала анасының салған екпесінен жан сақтау бөліміне түсті

Балқашта баланың анасы оны өз еркімен емдемекші болған. Бұл туралы instagram-парақшасындағы patriotkaraganda жарияланды.

Екпе салғаннан кейін бес жасар бала Балқаштағы аурухананың жан сақтау бөліміне түскен.

«Бала орталық ауруханаға жедел түрде жеткізілді. Оған жоғары деңгейдегі аллергия диагнозы қойылды», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Баланың анасы дәрігерлерге оның жамбасына Цефтриаксон препаратын салғанын айтқан. Ол дәрігерлерден еш кеңес алмастан, баланың емімен өз еркімен айналысқанын мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары