Балқашта баланың анасы оны өз еркімен емдемекші болған. Бұл туралы instagram-парақшасындағы patriotkaraganda жарияланды.
Екпе салғаннан кейін бес жасар бала Балқаштағы аурухананың жан сақтау бөліміне түскен.
«Бала орталық ауруханаға жедел түрде жеткізілді. Оған жоғары деңгейдегі аллергия диагнозы қойылды», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Баланың анасы дәрігерлерге оның жамбасына Цефтриаксон препаратын салғанын айтқан. Ол дәрігерлерден еш кеңес алмастан, баланың емімен өз еркімен айналысқанын мойындады.