$ 494.87  520.65  4.91

Шекарашылар бір тәулік ішінде заңсыз жүрген 111 Өзбекстан азаматын ұстады

Еліміздегі заңсыз миграцияға тосқауыл қою мақсатында жүргізіліп жатқан «Нелегал-2015» арнайы іс-шарасына Қызылорда, Сарыағаш, Жетісай отрядтарының және «Леңгер» комендатурасының шекарашылары белсенді  қатысуда, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Өткен тәулік ішінде Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Капланбек» көліктік бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған 39 адамды ұстады. Ұсталғандардың барлығы елмізде 30 тәулік бойы заңсыз жүрген. Өзбекстан азаматы болып табылатын адамдар ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517-бабының 2,4-тармақшалары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жетісай шекара отрядына қарасты «Сырдария» заставасының шекарашылары рейд барысында Бестам ауылының маңайынан Өзбекстан Республикасының 31 азаматын ұстады. Тексере келгенде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының, шекара аймағында жүруге арналған рұқсаттамаларының жоқ екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша материалдар ОҚО Мақтаарал  аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Жалпы, өткен тәулік ішінде шекара бойындағы аймақтан 111 адам ұсталды. Олардың барлығы да Өзбекстан азаматы.

Ал «Нелегал-2015» іс-шарасы басталғалы бері жоғарыда аталған шекара отрядтарының шекарашылары еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған 1902 адамды ұстады, олардың 1898-і Өзбекстан азаматтары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары