20.10.2015, 05:55

Назарбаев Головкинді құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Елбасы жеделхатта Г.Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен.

«Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», – делінген құттықтауда.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Г.Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.