06.03.2019, 03:12

Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды

Алматы облысында Талдықорғанға кіретін жерде жол-көлік апаты болып, екі адам мерт болды деп жазады ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы Талдықорғанға кіретін жерде болды. Екі адам - ер адам мен әйел қаза тапты. Жол апатынан 14 жасар қыз зардап шегіп, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде», - деп хабарлады полиция департаментінен.