$ 494.87  520.65  4.91

«Неге басқаша насихаттамаймыз?»: тыр жалаңаш ұлттық шапан киген Айсұлтан өз әрекетін түсіндірді

Бұған дейін жалаңаш ұлттық шапан киіп, желіні шулатқан жігіттің кім екені белгілі болды. Есімі – Айсұлтан. Жасы 19-да. Колледж студенті екен. Модель боп қосымша жұмыс істейтін бұл жігіт өз әрекетін тілшілерге былайша түсіндірді:

«Менің айқын мақсатым болғанын жасырмаймын. Өзге елдерде ұлттық киіммен суретке түсу әлде қайда дамыған. Шыны керек ұлттық шапанды біз тек 22 наурызда болмаса тойда еске түсіреміз. Неге басқаша насихаттамасқа?», – дейді ол. 

Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер Камиша Есмұхамедқызы ұлттық киімді қорлады деп, құқық қорғау органдарынан шапан киген жігітті жазалауын сұраған болатын.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары