Қайғылы оқиға 2 наурызда Қарабалық ауданындағы Бұрлы ауылында болған. Ер адам өз анасын өлтірді деп айыпталуда. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаменті полиция қызметі басшысының орынбасары Андрей Григоревский хабарлады деп жазады alau.kz.
«62 жастағы әйел қаза тапқан. Тексеру кезінде күдікті анасына ренжулі екенін және оның жеке өміріне араласқан», – дейді жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Андрей Григоревский.
Марқұм мен оның ұлы оқиға кезінде мас болған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.
Ер адам қамауға алынды.