Жаңалықтар 06.03.2019 сағат 05:45  309

Семейде ағайынды екі жігіт төбелесіп, бірі пышақ жарақатынан ауруханаға түсті

Семейде алкогольдік ішімдік ішкен екі ағайынды жігіт төбелесіп, бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті деп жазады ҚазАқпарат.

Семейде ағайынды екі жігіт төбелесіп, бірі пышақ жарақатынан ауруханаға түсті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға 5-ші қаңтар күні сағат 20.00-де болған. 38 жастағы Рүстем Дәулетбаевтың үйіне туған інісі Серік Дәулетбаев келеді. Інісімен әңгіме жарасқан соң, ағасы дастарханға ішімдік әкеледі. Бірақ арада уақыт өткен соң екеуінің арасында жанжал туындап, бір-бірін балағаттай бастайды. Ал ашуға булыққан ағасы інісін асүй пышағымен жарақаттайды. Азамат көп қан жоғалтып, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Абырой болғанда аман қалды.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот үкімі шықты. ҚР Қылмыстық Кодексiнің 106-бабы, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін жауапқа тартылған Рүстем Дәулетбаев сотта өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Түсініктеме берген інісі де ағасын кешіргенін және ауыр жаза қолданбауды өтінді. Сот қаулысымен сотталушы азамат 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

«Сотта Рүстем Дәулетбаевтың бұрын сотталмағаны және тараптардың түсініктемесі ескерілді. Айыпталушы шартты түрде сотталып, айыппұл салынды. Яғни, прокурордың талаптары қанағаттандырылып, жәбірленушіге стационарлық емдеу үшін кеткен 158 616 теңгені мемлекетке төлейді», - деді Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар