$ 498.34  519.72  4.85

Шарбақты ауданында бір мектеп тұтастай жанып кетті

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округіне қарасты Николаевка орта мектебі тұтастай жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы Әлібек Длимовтың мәліметінше, білім беру ошағында өрт бүгін, 20 қазанда таңғы сағат 05.00 шамасында орын алды.

«Саман мектеп 1967 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғалары ғана қалды. Әзірге оқыс оқиғаның мән-жайы анықтау мақсатында арнайы зертхана автокөлігі жұмыс істеп жатыр. Нақты себебі 10 күннің ішінде белгілі болмақ. Айта кетерлігі, бұл жағдай білім беру үрдісіне кері әсерін тигізген жоқ. Бүгінде оқушылар Алексеевка орта мектебінде оқып жатыр. Таңертеңгі сағат 09.30-да тілсіз жау толық ауыздықталды», – дейді Длимов.

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев орын алған жағдайға орай өңірдегі білім беру басқармасының басшыcы Бақыт Бексейітоваға Николаевка мектебінің мұғалімдерін тез арада жұмыспен қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары