Жаңалықтар 06.03.2019 сағат 11:28

Әйелдер еліміздің қай өңірінде көп?

Елімізде әйелдер ең көп тұратын өңірлер анықталды деп жазады Tengrinews.kz.

Әйелдер еліміздің қай өңірінде көп?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері редакцияның сауалхатына берген жауабында келтірді.

Комитеттің мәліметінше, биылғы қаңтардағы статистика бойынша, әйелдер ең көп тұратын өңірлердің үштігіне Алматы қаласы (1 028 926 әйел), Түркістан облысы (976 842 әйел) және Қарағанды облысы (724 343 әйел ) өңірлері кірді. 

Артынша тізімде Шығыс Қазақстан облысы (720 648), Жамбыл облысы (571 076), Астана (560 738), Шымкент (525 701), Қостанай (458 394), Ақтөбе облысы (448 428), Қызылорда облысы (395 849) тұр.

Ал әйелдер саны ең аз өңір, комитеттің мәліметінше, Атырау облысы екен. Онда 321 291 әйел тұрады екен.  Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, еліміздегі әйелдердің саны 9 482 374 болса, ерлердің саны 8 913 286 адамға жеткені айтылады.

«2018 жылдың 4-тоқсанындағы халықтың жұмыспен қамтылуына жүргізілетін іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша елімізде жұмыссыз әйелдердің саны 237,5 мың адамға жетті. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз болды. Жұмыссыз әйелдер құрылымында 15-24 жастағылар - 7,9 пайыз, 25-34 жастағылар - 40,2 пайыз, 35-54 жастағылар - 42,1 пайыз, 55 және одан асқандар - 9,8 пайыз», - делінген комитеттің ресми сауалға жолдаған жауабында.

Ал басшылық лауазымдағы және мемлекеттік қызметтегі әйелдерің саны 148,9 мың адам екен.  Әділет саласындағы қызмет және сот әділдігі бойынша экономикалық қызмет түріндегі қызметкерлердің саны - 36 076, оның ішінде әйелдердің саны - 17 304. 

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет экономикалық қызмет түрі бойынша қызметкерлердің саны - 78 402, оның ішінде әйелдердің саны - 13 296 адам. Бұдан бөлек, еліміздегі әйелдер мен ерлердің жалақысының арақатынасы жайлы статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінде қазақстандық әйелдердің орташа жалақысы 121 793 теңге болса, ерлердікі - 179 575 теңге. Ал арақатынасы 67,8 пайызға тең екен. 

 

 

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар