$ 448.56  478.03  4.79

Оралда «Алатау» автобазары өртеніп кетті

Оралда «Алатау» автобазары өртенді деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Тюленин көшесі 72-мекенжайында қосалқы бөлшектер сататын «Алатауда» ангар үлгісіндегі бес контейнердің отқа оранғаны жөнінде таңғы сағат 06.18-де хабар түскен. Өрт аумағы 280 шаршы метрді қамтыды (автобазардың жалпы аумағы - 1200 шаршы метр), «Тілсіз жау» 07.17-де оқшауланып, 08.24-те ауыздықталды.

Қазіргі кезде шығу себебі анықталып жатқан өртті сөндіруге 34 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары