$ 443.85  474.3  4.8

БҚО-да ауылдан жаяу шыққан үш ер адам мен екі әйел далада қалды

Батыс Қазақстан облысында ауылдан жаяу шыққан бес тұрғын далада қалды деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға 5 наурыз күні Сырым ауданында орын алды.

Үш ер, екі әйел адам Қоңыр ауылынан Самара-Шымкент жолын бетке алып, жаяу шыққан. Олардың бәрі де аудан орталығы Жымпиты ауылына баруы керек болған. Алайда жолды қар басып қалып, көлік жүре алмағандықтан, трассаға дейін жаяу жетуді жөн көрген. 

Қалың қар мен ауа райының қолайсыздығы салдарынан Самара-Шымкент трассасына алты шақырымдай қалғанда, жолаушылардың әбден күші сарқылып, құтқарушылар қызметіне қоңырау шалуға мәжбүр болған.

Орал қаласынан жедел құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен оқиға орын алған жерге барып, жолаушыларға қажетті көмек көрсетіп, Жымпиты ауылына жеткізді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы #БҚО