$ 444.32  473.33  4.76

«Тұман түсіп, көктайғақ болады»: Астана мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің хабарлауынша, 8 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, бұрқасын болады, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с айналасында болады.

Астана қаласында 8 наурыз күні таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с болады. 

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90%.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары