07.03.2019, 10:30

Қостанайда автобуста жолаушы жүргізушіге пышақпен тарпа бас салды

Оқиға 6 наурызда болған. Бұл туралы «Жарық жол-1» ЖШС-ның директоры Виктор Мущинский хабарлады.

№24 маршрут жүргізушісінің айтуынша, автобус сағат 21.30-да жұмысын аяқтаған. Салоннан барлық жолаушы түскен. Алайда, бір жолаушы автобус жүргізушісімен бірге автотұраққа дейін барыпты.

«Жолаушы автобус жүргізушісіне тап берген. Оның қолында пышақ болыпты. Бірақ жүргізушіміз кезінде каратемен айналысқан. Әлгі адамға бірден қарсылық білдіріп үлгеріпті. Автобус ішінде төбелесіп жатқан оларды көріп қалған жүргізушінің әріптесі, оған көмектескен. Артынша, полиция шақырыпты», – дейді Виктор Мущинский.

Дереккөз: Alau.kz