Әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовадан желі қолданушыларының дені өзін қалай күткені жайлы жиі сұрайды. 4 баланы өмірге әкелген ол салауатты өмір салтын ұстанып қана дене бітімінің сымбатын сақтай алған.
«Бірінші баланы босанған кезден бастап, диета ұстамағанмын. Барлығын жеймін. Ағзамыз талап етеді ғой. Бірақ аз мөлшерде пайдаланамын. Күніне аз-аздан бес мезгіл тамақтанамын.
Осыдан төрт жыл бұрын фитнеске қатысқан кезде, қатты азып кеттім. Құр сүйегім қалғаны айналамдағы адамдарға ұнамады. Негізі айналысқан дұрыс», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова «НТК» арнасына берген сұхбатында .
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде 2 қыз, 2 ұл бала тәрбиелеп отыр.