$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік Қытайда ұсталған қазақстандық студент қызға қатысты түсініктеме берді

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда қазақстандық студент қыздың ұсталуына қатысты түсініктеме берді деп жазады Sputniknews.kz. 

27 ақпанда Чжэцзян аймағының құқық қорғау органдары Юлия Ходеваны ұстады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Ол есірткі сақтап, таратты деген күдікке ілінді. Шанхайдағы Қазақстанның Бас консулдығы Юлия Ходева мен оның туыстарымен байланысқа шығып, консулдық-құқықтық көмек берді, жергілікті адвокаттарды ұсынды. Елшілік өкілдері қызбен үнемі байланыста, Ходевадан қамаудағы жағдай мен денсаулығына қатысты шағым түскен жоқ", - деді Смадияров.

Дипломаттар мәселені өз бақылауына алған. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін, деп мәлім етті министрліктің ресми өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары