$ 447.4  477.55  4.76

Баян Алагөзованың қызының үйлену тойы дүркіреп өтті (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбектің тойы 9 наурыз күні Алматыдағы Royal Tulip Almaty қонақүйінде өтті. Жас жұбайлардың қуанышына жақындары мен достары және продюсердің өнердегі әріптестері ортақтасты.

Үйлену тойында Парижден сатып алған қымбат той көйлегі мен ерекше біз өкше киген Айсәулеге желі қолданушылары да тілектерін жаудырды. Баянның қызы да өзінің өте бақытты екенін желідегі парақшасында бөлісті.

Тойда Айсәуленің енесі жас жұбайларға арнап ән салды.

Ал Әлішер мен Айсәуле үйлену тойларына келген қонақтарға өздерінің ерекше билерін паш етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары